Полицейлер мен еріктілер бірнеше күннен бері іздеген жасөспірім "Алматы Арена" спорт кешені маңынан табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлайды. "Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы іздеген 15 жастағы жасөспірімді тапты. Жасөспірім Нұркент ықшамауданында, "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында табылды", – делінген ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасында. Айта кетейік, 13 наурызда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Кәмелетке толмаған баланы 500-ден астам адам іздеді Бұрын хабарланғандай, жедел-іздестіру іс-шараларына жедел уәкілдер, ювеналды полиция инспекторлары, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ еріктілер мен мұғалімдер қатысты. Ең алдымен сауда және ойын-сауық орталықтары мен жеткіншектің жақын ортасы тексерілді.