Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек - бұл 12 миллион теңгеден астам. Мұндай шешім жуырда қаланың Түрксіб аудандық сотында шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Сот шешімінен 2010 жылғы 1 тамызда Алматының тұрғынына зейнет жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған.Сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан Республикасының Ахматов ауданында зейнетақы ала бастағаны анықталды. Осылайша ол екі елде қатар зейнетақы алған, бұл - Қазақстан заңнамасын бұзу.Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге - 2010 жылғы тамыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын төлеуі керек. Сондай-ақ, бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы қосылды.