Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар

Алматы үш автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 17 адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, бұл маңда қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаты жиі болады. Оған не себеп болуы мүмкін? Оқиғаның мән-жайын Әйкерім Пернебек жеткізеді. Жол апаты Райымбек даңғылы бойында болған. 54-ші және 133-ші бағыттағы автобустар Nexia жеңіл көлігімен соқтығысқан. Сол сәтте 88-ші нөмірлі қоғамдық көлікке тиіп, оған да зақым келген. Кейбіреулер жиілеп кеткен жол апаттарын жүргізушілердің салғырттығынан көрсе, енді бірі ақ қар, көк мұзда көлік басқару қиын екенін айтады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Оншақты скорый тұр екен, барып көрдім. +00:13 Ішінен адамдарды алып шығып, алып кетіп жатыр екен. - Қар жауған сайын, жол тайғанақ болғаннан кейін, тормозы дұрыс ұстамай көбінесе авария болып жатады. - Бывает да… Осындай жағдайлар жиілеп кетті, автобустар қатты жүріп әр нәрсеге көңілін бөліп отырады. Кейде қатты қорқамыз. Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 14 адам жеткізілді. 10 адам амбулаторлық емге жіберіліп, 3 науқас ауруханаға жатқызылды. Шайхитдин БАДИРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық науқастар қабылдау бөлімінде толық деңгейлі тексерулерден және барлық медициналық көмек толыққанды көрсетілуде. 3 науқас ауруханаға жатудан бас тартты. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, үш қоғамдық көлік жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Болған оқиғаның толық мән жайлары анықталып, кінәлі азаматтар анықталып, міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады. +Ол үшін авто-техникалық сараптама тағайындалады. Жәбірленушілердің дене жарақаттарының ауырлық деңгейін де көзбен өлшеп белгілей алмаймыз, ол үшін сот медициналық сараптама тағайындалады. Осы кешенді жұмыс жүргізілгеннен кейін, істің қай бағытта тергелетіні анық болады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол апатының нақты себептерін анықтауға бірнеше апта керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды