Алматыда зорланған егіз қыздың 7 жасар әпкесі де бірнеше жыл зорлық көрген

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ олардың бауырлары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барды.Уәкіл бұл балалардың өмірі нағыз тозақ болғанын айтты. «Бұл қыздардың 7 жасар әпкесіне де бұрын қорқынышты қылмыс жасалған және жазасыздықтың, маскүнемдіктің және толық деградацияның салдарынан бұл қылмыс қайталанып отыр. Кеше аудандық полиция департаментімен, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бұрын болған оқиғалардың барлық тізбегін зерттеп шықтым. Екі жыл бұрын егіздердің анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызының жыныс мүшесін көсеумен күйдірген, бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша іс қозғалған (дегенмен бұл 110-бап «Азаптау» болуы керек) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қойылған», - деп жазды Динара Зәкиева Facebook желісінде. Уәкіл бұл істің қате бап бойынша жүргізілгенін (110-баптың орнына 140-бап) және баланың өгей әкесі азаптауға қатысса да (іс материалдарында бар), анасы ғана жазаланғанын айтуда. «Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамаған және айыппұл салған. Нәтижесінде бала үйде оқытуға ауыстырылған және бұл тозақта тағы екі жыл өмір сүрген. Қазір анықталғандай, олар зорлау белгілерін жасыру үшін күйдірген. Егер екі жыл бұрын кінәлі жазаланып, «Азаптау» бабы бойынша отырғызылса, үш баланы құтқаруға болар еді. Осыған байланысты, тексеру жүргізіп, бұзушылықтар үшін барлық жауапты тұлғаларды жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұл үшін барлық қажетті шараларды мемлекеттік органдармен бірге қабылдаймыз», - деді Д. Зәкиева. Бұл жағдай мен жалпы статистика тағы бір мәселені көтереді. Бүгінде ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен және әлеуметтік жағдайдың төмендігімен байланысты. «Бұл қылмыстар күн сайын 342 адамға жасалады. Әр санның артында әйелдің, баланың өмірі мен тағдыры жатыр. Көптеген өңірлерде, мысалы, Жетісу облысының кейбір ауылдарында, Түркістан облысының 14 ауылында алкоголь сатуға тыйым салынғанын және іс жүзінде қылмыс жоқ екенін білемін», - дейді бала құқығы жөніндегі уәкіл. Еске сала кетсек, Алматы облысында кішкентай егіз қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды