Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде «Генерал» атты топ бар

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде «Генерал» атты топ бар. Бұл - Ұлттық Ұландағы жалғыз шығармашылық ұжым. Репертуары халық әніне және түрлі эстрадалық, патриоттық әндерге бай өнерпаздар әр мерекеде көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлайды. Мереке қарсаңында олар ардагерлер үйіне барып, Жеңісті жақындатқан жандарды құттықтады.«Генерал» тобы -осыдан 9 жыл бұрын Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысының қолдауымен құрылған топ. Содан бері шығармашылық ұжым әскери қызметшілердің рухын асқақтатып, мәдениетіміздің өркендеуіне атсалысып келеді. 10 адамнан құралған топтың репертуары бай. 300 - ге жуық ән бар. Жанғали ӘБІШ, «ГЕНЕРАЛ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ: Өзім жана бір әнді айтып жатқанда көзіме жас келгендей болды. Осы бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқанымыз сол кісілердің арқасында. Ән айтқан кезде, әрине, жәй ғана айту емес, соны сезініп, халыққа, ардагерлерімізге жеткізуге тырысамыз. Жүректен шыққан ән тыңдармандардың да жүрегіне жеткен тәрізді. Жұрт әр туындыны ерекше ықыласпен қабылдады. 90-нан асқан Валентина Ершова - тыл ардагері. Сұм соғыстың зардабын тартқан қария өткен күндер жайлы көзіне жас алып айтты. «Менің көргенім келер ұрпақтың басына түспесе екен» деген жалғыз тілегі бар. Валентина ЕРШОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ: Мен ризамын, алғысым шексіз. Осындай іс-шаралар бізге қуаныш сыйлайды. Барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Қазіргі буын соғыс атаулыны көрмесе екен деймін. “Генерал” тобының жетекшісі, дирижер Елена Евстратенко 26 жыл бойы әскери қызметте болған. Қазір -запастағы майор. 9 жыл бұрын зейнетке шыға салысымен “Генерал” тобына қосылған. Оған музыка таңсық дүние емес. Себебі, Елена Евстратенко Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консверваториясын тәмамдаған. Бүгінде ол -посткеңестік кеңістіктегі жалғыз әскери дирижер. Осы ерекшелігі үшін арнайы Гиннесс рекордтар кітабына енген. Елена ЕВСТРАТЕНКО, “ГЕНЕРАЛ” ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, ДИРИЖЕР: Әскери адам болсақ та, бізге музыкамен айналысу ерекше ләззат сыйлайды. Шығармашылқ тобымыз жастардан құралған. Олардан күш-қуат аламын. “Музыка – менің тынысым” десем де болады. Алға қойған жоспарларымыз көп. Шығармашылық ұжым әлі ұзақ уақыт бойы тыңдармандарға, ардагерлер мен әскери қызметшілерге мереке сыйлауға ниетті. Айта кету керек, Алматыда 58 соғыс ардагері бар. Олардың ерен еңбегі мен өшпес ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Абай облысында 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай