Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт: Премьер-министр жаңа көпқабатты үйлерді тексеруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды.Премьер-Министр көпқабатты ғимаратта болған өрттен 42 адам зардап шеккенін айтып, Үкімет атынан қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілер жұмысының бірқатар факторға байланысты күрделене түскенін айтты. Мәселен, аула ішіне қойылған автокөліктердің себебінен өрт сөндіру техникасына оқиға орнына қарай өту қиынға соқты. Сондай-ақ балкондардағы шұғыл эвакуациялауға арналған апаттық люктер жабық болған. Өрттің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, кіреберістер мен зардап шеккен пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды уақытша басқа жерге орналастыру (пәтер жалдау) бойынша шығындарды өтеу көзделген. Премьер-Министр көпқабатты үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өзектендіріп, сондай-ақ тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. "Төтенше жағдайлар министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар аясында халықтың өрт кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс", — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар Премьер-Министр барлық өңірде үй орамдарының инфрақұрылымын дайындау және оларды абаттандыру кезінде шұғыл қызметтердің қозғалысын да ескеру қажеттігін атап өтті, өйткені "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде ауладағы автомобильдер мен биік бордюрлар өрт сөндіру техникасының жұмысына кедергі келтірді. Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов тұрғындарды үйлеріне тезірек қайтару үшін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді, өртке қарсы талаптарды сақтау бойынша жаңа көпқабатты үйлерге тексеру жүргізуді, сондай-ақ республика бойынша ТЖМ бөлімшелерінде жыл сайын техника жаңарту кезінде биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін арнайы техника қажеттілігін ескеруді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?