Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.