Алматыда №63 автобустың жолаушылары арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды. Полицейлер күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. "Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1992 жылы туған екі ер адам ұсталып, уақытша қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустағы жанжалдың салдарынан 26 жастағы алматылық пышақ жарақатын алған", - делінген хабарламада.