Алматыдағы ботаникалық бақта жылдар бойы баптап келген, сирек кездесетін, жүз түрлі тропикалық өсімдік биыл қыста үсіп қалды. Себебі, жылыжайдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Екі жыл бұрын басталған нысанның құрылысы биыл да тоқтап тұр. Мамандардың айтуынша, Оранжерея құрылысы 2022 жылы басталып, бір жылдың ішінде бітуі тиіс болған. Алайда, ол аяқталмай, коллекциядағы 500 түрлі өсімдіктің 100 - ден астамы үсіп қалған. Енді ол өсімдіктерді қалпына келтіру мүмкін емес көрінеді.Гүлнар СИТПАЕВА, "БОТАНИКА ЖӘНЕ ФИТОИНТРОДУКЦИЯ ИНСТИТУТЫ" РМК БАС ДИРЕКТОРЫ:"Оранжереяны жөндеу жұмыстарына 1 млрд 43 млн теңге бөлінді, оның 500 млн-ға жуығы игерілді, қалғаны бюджетте қалды. Құрылыс компаниясы жылыжайды уақытында тапсырмаған соң, біз сотқа бердік. Сот шешімі бойынша оларға нысанның жұмысын аяқтау міндеттелді."