Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрді деген ақпарат тарады. Бұл туралы баланың ата-анасы қоғам белсендісіне жазған. Сұмдық оқиға желіде қызу талқылануда. Оқиға әжетханада болған көрінеді. Бостандық ауданындағы жеке мектепте 67 камера бар. Білім ордасының директоры сұмдық жағдай туралы тәртіп сақшылары келгенде ғана білген. Ирина ЛОГИНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Эта боль которая каждому человеку близка и нам хочется защитить ребенка… Бұндай ауыр жағдай бізді қатты қынжылтады, біз баланы барынша қорғап қалғымыз келеді. Бізге полициядан арыз түскенде ғана бұл жағдай туралы білдік. Біздің мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық әрекеттері болды деген күдік бар деп келді. Мектебімізде бейнекамералар өте көп, біз тергеуге барынша атсалысып көмек көрсетіп жатырмыз. Ата-анармен ашық сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайынбыз. Құқық қорғау органдары тергеуде бастап кетті. Сараптама тағайындалды. Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни таратып айтатын болсақ қылмыстық кодекстінің 121 бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып. Сот медициналық сараптама тағайындалды.