Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен соң бір адам екі тобығын сындырып алып, дәрігерлер көмегіне жүгінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажет көмек көрсетілген."Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп жазылған ведомство хабарлмасында.