Алматыдағы лай көшкіні салдарынан бір адам өлі табылды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр."Апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. 1-2 сағатта апатқа ұшыраған үйді толығымен тазалаймыз. Соған қатысты жұмыстар атқарылатын болады. Кешке дейін комиссия жұмысын атқарады. Қандай қауіп бар, қосымша жерлерді анықтап, тиесілі шешімдерді кешке дейін бәрін сіздерге жеткіземіз", - дейді ол.Сонымен қатар, аудан әкімі оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылғанын жеткізді."Шынымен де, ондай ақпарат бар. Екі бала аудандық 8-мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Бүгін мектепке келмеді. Анасымен, өгей әкесімен. Қазір бір адам табылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғастырып жатыр", - деді әкім.