Алматыдағы медицина ұйымдарына 265 млн теңге айыппұл салынды

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы тұрғындарына көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 58 мың қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 265 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі МӘМС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жанар Кенжебаеваның айтуынша, кемшіліктің басым бөлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалардан анықталып отыр. Олар 57 мыңнан астам қызметті кемшіліктермен көрсеткені үшін 150 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 680 қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Аталған кемшіліктер үшін 100 млн теңге айыппұл салынған."Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Сонымен қатар, "көрсетілді" деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар", – деді Жанар Кенжебаева.Бұған дейін хабарланғандай, МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Бүгінде дәрігер көмегіне жүгінбеген адамды "қабылдауда болды" деп жазу мәселесі жұртшылық арасында өзекті мәселеге айналғаны белгілі."Биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында филиал мамандары азаматтардан түскен арыз-шағымдар нәтижесінде осындай 50 фактіні анықтап, емхана-амбулатория деңгейінде жүргізілген мониторинг барысында медицина ұйымдарына 1,5 млн теңге айыппұл салды. Қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады", - деді филиал басшысының орынбасары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Легионерсіз жағдай қиын деген Самат Смақовтың ойы дұрыс емес – Александр Кузнецов
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды