Алматыдағы мектепте бала істікке құлап, жарақат алған: Оқу-ағарту министрі жағдайға қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлер кабинетінде өткен брифингте Алматыдағы мектептердің бірінің аумағында бала үшкір істікке құлап, қуығын жарақаттады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Журналистер министрден мұғалімдерге ескертілсе де, мектептердегі жазатайым оқиғалар туралы неге айтылмайтынын сұрады.БАҚ өкілдерінің айтуынша, жақында Алматыдағы мектептердің бірінің аумағында бір бала екіншісін итеріп жіберген. Кейін оқушының бірі істікке құлап, қуығын тесіп алған. Журналистердің сөзінше, мұғалімдер жедел жәрдем шақырмай, зардап шеккен баланы үйіне жаяу жіберген. Бұған қоса, итеріп жіберген бала оны үйіне жеткізген."Бұған жол берілмейді. Мектептерде тәрбие жұмысы мен қауіпсіздік шараларын күшейту керек. Әңгіме камералар туралы ғана емес, білім беру жүйесі қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік алгоритмдерді мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету туралы да болып отыр. Онда баланы үйге жібермей, жедел жәрдем шақыру керектігі жазылған. Мұны білім саласының қызметкерлері жақсы біледі. Бұл жағдай Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауында", - деді Ғани Бейсембаев.Оның айтуынша, Қазақстанда сегіз мыңға жуық мектеп бар және мұндай олқылықтар көп емес."Мұндай фактілер жекелеген мектептерде әлі де анықталуда. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тек бұл мектеппен ғана емес, барлық мектеппен жұмыс жүргізілетін болады.Балаларды қорғау комитетіне барлық өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қайта жандандыру тапсырылды. Бұл тек құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету емес, мәселе қауіпсіздік стандарттарын біліп, оларды қолдану қажеттігінде", - деп түйіндеді сөзін министр. Министр бұл факті бойынша тергеу басталғанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді