Алматыдағы Өжет ықшам ауданында бір көше салу үшін 100-ге жуық тұрғын үй бұзылмақ

Бүгін Алматыдағы Өжет ықшам ауданының тұрғындары наразылық білдірді. Оған себеп жалпықалалық маңызы бар Тілендиев көшесінің ұзартылуы болып отыр. Осының кесірінен 100-ге жуық тұрғын үй бұзылмақ. Баспанасыз қалатындарын бір апта бұрын ғана естіген жұрттың төбесіне жай түскендей болды. Ал билік өкілдерінің бұған жауабы қандай? Тілшіміз Мөлдір Жақан тарқатады. Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін 11 км ұзарту жоспарланған. Тұрғындар осынау маңызды шешім шығарарда әкімдік өкілдерінің жергілікті халықпен санаспағанына налиды. Айжарқын НАУАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өзім пенсиядғы адаммын. Ертең бұзып тастаса, қай жаққа барамын мен бала-шағаммен? Үй де ала алмаймын, ештеңе де ала алмаймын. Көшені бұзады деп ешкім айтқан да жоқ. Собрание болған да жоқ. Акиматтан ешкім бізге хабар берген де жоқ. Ешқандай әкімнің түрін де білмейміз. Акиматтың берген ақшасы бір үйге де жетпейді. Тұрғындар жолдың салынуына түбегейлі қарсы. Жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшенің ұзартылуы балалар үшін қауіпті, экологияға да кері әсерін тигізеді,- дейді. Раушан НҮСІПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мұның кесірінен жақын маңдағы сау қалатын үйлердегі тұрғындардың тыныштығы бұзылады. Жол-көлік оқиғаларынан көз ашпай, далаға шыға алмай қаламыз ғой. Оған қоса мұнда шағын өзеніміз бар. Зират бар. Оларға кесірі тиіп кете ме деп қорқамыз. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Баспаналарын қорыған тұрғындар көшені созудың басқа да нұсқаларын айтып шыр - пыр болуда. Мәселең, мына бос жатқан жерлерді пайдалансын деп отыр. Тек үйімізге тиіспей, пікірімізді ескерске екен дейді. Өкініштісі сол - халықтың базынасын естір құлақ болмай тұр. Асқар ҚАСЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мына жерде кіндік қанымыз тамған жер, ата-бабаларымыздың жері. Соны біз тастап қайда кетеміз? Бізді тұрақты орнымыздан қозғамауын сұраймыз. Алайда әкімдік өкілдері Тілендиев көшесінің трассировкасын өзгерту мүмкін емес екенін айтады. Нәтижесінде бұзылатын учаскелердің саны артады дейді. Алатау ауданының сәулетшісі аталған жол құрылысының нобайлық жобасы келісіліп қойғанын жеткізді. Дәурен АЛМАСБЕКОВ, АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТШІСІ: Тілендиев көшесінің құрылысы Алматы қаласының Бас жоспарында қарастырылған. Жоспар бекітілген кезде қоғамдық талқылау болды. Алатау ауданының тұрғындары қатысқан. Ал қала әкімдігі "магистральды жолдарды ұзарту қаланы дамытудың ажырамас бөлігі" дейді. Дәл қазір сатып алынатын жер учаскелерінің саны жерге орналастыру жобасы әзірленгеннен кейін ғана айқындалатынын айтты. Нұрлан БОРАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ УРБАНИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қала даму керек. Бірақ жеке мүліктің иелерінің пікірі,әрине, есептелінеді. Бағасына сәйкес келе ме, я болмаса оның орнына басқа үй талап ете ме, көпқабатты үй, я болмаса жер үй мәселесі - ол бәрі есептелінеді. Жобалау жұмыстары биыл басталады. Жолдың нақты құрылысы 2030 жылға дейін жоспарланған. Ал баспанасыз қаламыз деп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған халық енді сотқа жүгінбекші.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Путинцева жартылай финалға шықты
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты