Алматыдағы пәтерлердің бірінен "Маугли" балалар табылды

Алматыдағы пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz. Үш бүлдіршін бірнеше жылдан бері қаладағы Медеу ауданында анасымен бірге өмір сүріп келеді. Бірақ олар ата-анасының қамқорлығынсыз және қадағалауынсыз қалған.Құжат бойынша, екі бала 2016 жылы, ал олардың інісі 2020 жылы дүниеге келген. Көршісінің айтуынша, балалар тұратын пәтерде қоқыс, тіпті адам нәжісі толып тұр. Ал кенже баланың тіпті киімі де жоқ. Сондай-ақ, ең кішкентай бүлдіршінде аутизм спектрінің бұзылуы болуы мүмкін екені анықталды."Онымен дұрыс жұмыс істеу керек. Бұл бала өте арық, бірдеңе дұрыс болмаса, қабырғаға басын немесе қолын соғады. Оған жаным ашиды. Баланың кінәсі жоқ қой. Оны шомылдыру керек", - деді көршісі.Бірнеше күн бұрын үш бала Алматыдағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Тіпті, мекеме қызметкерлері де бұл жағдайды көріп, қорқып кетті."Егер сіз олардың (балалардың- ред.) бізге келгенін көрсеңіз, қорқынышты болар еді. Біз адамдарға үйреніп қалғанбыз, ал балалар мұндайды бірінші рет көріп тұр. Олар мүлдем қоғамға бейімделмеген, ешкіммен араласпаған. Тіпті, ең кішкентайы қасықты қалай ұстауды білмейді", - деді орталық қызметкерлері.Орталық қызметкерлерінің айтуынша, балалардың анасы алкогольға тәуелділіктен қиналып, қазір емделуге жіберілген. Әкесі олармен бірге тұрмайды."Балалар қараусыз қалған. Қамқоршылар түсірген суреттеріне қарасақ, балалардың жағдайы қиын. Оларды алып келгеннен соң ертеңіне кішкентайы Р.-дың аутизммен ауыратыны анықталды. Қазір біз барлық инстанцияға хабарласып, невропатологтарды шақырдық, барлық тексеруден өту үшін психиатр мен терапевтке жолдама береміз", - деді орталық директоры Нұргүл Елибаева.Оның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаншылық органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичті құттықтады
Асқазанның жұмысын дәрісіз жақсартудың жолы: пайдалы кеңес
«Түнімен болды»: Ақтөбеде кепілге алынған марқұмдардың көршілері жағдай туралы айтып берді
Алматы әкімі автобус жүргізушісіне не үшін алғыс айтты?
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Түркістан облысының 1 млн тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі
«Бекболат Тілеухан талақ айтты, менсінбеді»: журналист Мұхамеджан Тазабекті сынға алды
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертеді
"Ұшақта адам құтқарамын деп ойламаппын". Студент жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды
«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Елімізде студент жастарға мемлекеттік қолдау артады