Алматыдағы зілзаладан кейін тараған фейктер

Түнде оңтүстік өңірде болған жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та жалған ақпарат тарап, ел ішінде үрей туғызды. Осыған байланысты ресми дереккөздер нақты мәлімет ұсынды. Қайта зілзала болуы мүмкін екені туралы фейктер: Әлеуметтік желілерде Алматыда жойқын жерасты дүмпуі қайталануы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қауесетті жоққа шығарып, Сейсмология институтының болжамынша, зілзала қайталанбайтынын айтты. Қазақ Ұлттық университеті жатақханасының қирағаны туралы жалған ақпарат: Кей БАҚ пен әлеуметтік желі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік жатақханасының төртінші қабаты қирағанын хабарлады. Ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметі бұл деректі жоққа шығарып, ҚазҰУ жатаханасының, оның ішінде №6 және №8 жатақханалардың қирағаны мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. Астанадағы зілзала туралы ақпарат: Астана тұрғындары Алматыдағы жерасты дүмпуін сезгенін хабарлаған еді. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ғимараттар мен нысандарға тексеріс жүргізіп, жаңа зілзала болғанын жоққа шығарды. Жабық эвакуация пунктері: Әлеуметтік желілерде жабық эвакуация пунктері бар деген ақпарат тарады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 384 қабылдау пункті бар екенін, олар жер сілкінісінен соң 40 минуттан кейін ұйымдастырылғанын мәлім етті. Үйлер қирағаны және төтенше жағдай енгізілетіні туралы дерек: әл-Фараби көшесінде екі үй қирағаны және қалада төтенше жағдай жарияланғаны туралы аудиожазба әлеуметтік желілер арқылы тарады. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл деректі жоққа шығарып, төтенше жағдай енгізілмегенін, ал үй қирау фактісі тіркелмегенін айтты. Жойқын зілзала туралы жалған ақпарат: 3:00 шамасында 13 балға дейін күшті жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат пайда болды. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығының директоры Д.Сәрсенбаев жойқын зілзала болмайтынын және сейсмикалық белсенділік төмендеп жатқанын мәлім етті. Бұл деректер тұрғындар арасындағы дүрбелеңді азайтып, нақты әрі ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа сену керек екенін көрсетіп тұр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті