ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.25-те жер сілкінісін тіркеді.«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.6. MPV магнитудасы - 5.3. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген олар таратқан хабарламада.