Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы аумағында аударылып қалды.Полиция дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған. Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы «Yutong» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды. Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.