Алматыдан Оралға ұшып шыққан ұшақ Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды."Бүгіндері Оралды тұман басып, айналаның көріну деңгейі төмен болуына байланысты әуе жайда ұшуға қолайсыздық туындаған. Осыған байланысты Астанадан Оралға қатынайтын рейстер кешігіп жатыр, ал Алматы-Орал КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына мәжбүрлі түрде қонды", - деп хабарлады әуе компания. 23 қарашада Орал қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды. Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Орал – Франкфурт – Орал және Орал – Астана бағыттары бойынша авиарейстер, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері қатынайтын рейстер тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты FlyArystan төрт рейсін тоқтатқаны белгілі.