7 қыркүйек күні "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты."Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.