Жерасты дүмпулері Алматыдан 279 шақырым жерде болды, қалада 2 баллдық діріл сезілді, деп хабарлайды Zakon.kz.27 ақпан күні сағат 03:42-де алматылық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2. MPV магнитудасы - 5,9. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2 балл Алматы қ. 27 ақпанда сағат 05:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1. MPV магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ. 26 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:59-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.