Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы аяқталды. 66 шақырымға созылған тас жол - кептелісті азайтуға сеп болмақ. Бірақ ақылы болады. Бағасы белгіленбей жатып, тұрғындар қарсылық танытуда.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Құрылысы екі жылға созылған Алматыдағы айналма жолдың бойындамыз. Талғар бағытының 55 шақырымында тұрмыз. Жол әлі ашылған жоқ. Мегаполистегі көлік кептелісін азайтып, экологиялық ахуалды реттеу үшін салынды. Бірақ ақылы болмақ. Тарифі тақыланып жатыр. БЛИЦ: - Бакад ашылса өте тамаша болады бәрімізге. Бірақ енді сол бағасы жақсы болса болды, халықтың шамасы келетіндей. Арзанырақ. - Төленетін болса қарсымыз әрине. Қиын болады. Ол енді каждый раз жүрген сайын ақша ақылы болып тұрып, күніне қанша мәрте жүретін машиналарға қиын болады әрине.- Қанша ақша кетеді. Қарапайым халық қазір қалтаға қарайды.Арсен ШАКУОВ, САРАПШЫ, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жобаның басты мақсаты- Алматы қаласын айналып өтетін ыңғайлы жол салу болды ғой. Үлкен жүк көліктері әсіресе, қалаға кірмей, ауаны ластамай өтеді. Бірақ барлығы бірдей төлегісі келмейді. Сондықтан бұл мәселенің де шешімін табу керек. Мен өзім жүріп көрдім, жолдың сапасы керемет. Белгіленген тариф аз ба деп қалдым, өйткені жолды сақтап, жөндеу деген сияқты жұмыстар бар. Үлкен Алматы айналма жолымен жиі жүретіндерге бір айға және бір жылға абонемент қарастырылмақ. Жамбыл БАХТИЯР, ҚР ИИДМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жерде инвестор салып жатыр өз ақшасына. Салғаннан кейін ол ақша қайту керек. Ертең ол қайтпаса мысалға, ол бюджеттің басына енеді. Біз тарифтерді солай бөлдік. Сонда жобамыз бізге тиімді болып есептеледі. Біз маусым айында учаскені толықтай ашсақ деп отырмыз. Қазіргі уақытта жұмыс толығымен бітіп тұр. Жолда жүру құны жүріп өткен қашықтыққа емес, көлік ақылы жолда болған уақытқа және көліктің түріне байланысты есептелетін болады.