Алматылық әйелді Damumed-те "есірткіге тәуелді" деп өтірік тіркеген

Алматы тұрғыны Damumed қосымшасында өзінің нашақорлықпен ауыратындар тізімінде тұрғанын байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.Мадина перзентханадан шыққанын растайтын құжатты алу үшін Damumed қосымшасын жүктеп алған. Сонда 2019 жылы ол әлеуметтік қызметкерге жүгініп, есірткіге тәуелді болған деп жазған. Қабылдау қағазында науқастың нашақор екені көрсетілген. Онымен психокоррекциялық әңгіме жүргізілді деп жазып беріпті. Бірақ әйел оған бармаған."Қалай мұндайға баруға болады, сонда қандай да бір есеп беру үшін бе? Мен үшін мұны көру өте ауыр болды, түнімен ұйықтай алмадым. Неге біздің елде адамның құқығы мен деректері қорғалмайтыны алаңдатты. Кез келген медицина қызметкері кіріп, мұны көре алады. Мені тағы бір жерге тіркеп қоймады деп үміттенемін", – деді Мадина.Ол eGov-тан нарколог немесе психиатрда есепте тұрмағаны туралы анықтама сұратып, адвокаттарға жүгінген.№17 қалалық емхана бұл жағдайға сараптама жүргізетінін хабарлады."Емхананың пациенттерді қолдау қызметі егжей-тегжейлерді анықтау және одан әрі өзара әрекеттесу үшін өтініш берушіге хабарласты. Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 273-бабына сәйкес "Медицина қызметкерінің құпиялығы" бойынша барлық ақпарат пен талдау нәтижелері өтініш берушіге жеке беріледі", – деп мәлімдеді аурухана әкімшілігі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды
«Балалар кітапханасы» жобасы: балалар басылымдарына қолдау көрсетіледі – министр
Биыл Мәжіліс депутаттары корпоратив өткізбейтін болды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Алматыда атыс болып, қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Семейде шыршаны безендіріп жатқан мұғалім жарақат алды: министр жағдайды бақылауға алғанын айтты
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды