Жас жігітті ұрып, соққыға жығып жатқан қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода бойжеткен жігітті бетінен бірнеше мәрте ұрып, жаман сөздермен балағаттап, ақша талап етіп жатқаны көрінеді.Видеоны жүктеген адамның айтуынша, бұл Талдықорған қаласында жасөспірім қызды соққыға жыққан қыздар туралы тақырыптың жалғасы, видеода дәл сол қыз. Алматы қалалық полиция Департаменті аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. «Іс жүргізу шеңберінде осы заңсыз әрекетті жасаудың мән-жайы анықталатын болады.Сонымен қатар, Алматы қаласындағы колледждердің бірінің студенті болып табылатын 2005 жылы туған Б.есімді азаматша ювеналдық полицияның есебіне қойылды.Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды» - Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі. Іс бойынша барлық материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді.