Алматылық жігіт бәс тігуге 50 млн теңге салған

Елімізде орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналған. Олардың орташа қарызы 10 млн. теңгеден асады. Борышқа белшеден батады, жоқшылық қамытын киеді. Бірақ бұл кеселдің ар жағында бір адамның тағдыры тұрған жоқ. Тұңғиықтың түбіне бірге кететін отбасы, бала шағасы, әке шешесі бар. Елу миллион теңгесін бәс тігуге салған кейіпкермен Мөлдір Жақан тілдесті.Түрін жасыруды өтінген Қуат есімді жігіт құмар ойындарының құрбаны. Айтуынша, оны бұл іске досы итермелеген. Спортқа қызығушылығы басым жігіт студент кезінде бәс тіге бастапты. Алғашында 1000 теңге, кейін 5000 теңге салған. Уақыт өткен сайын тігетін сома да өсе береді. Құмарлықтың жетегінде жүріп 50 млн теңгесінен қалай ұтылып қалғанын аңғармай қалған. Қуат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біраз қиындықтар болды. Оқудың ақшасын ұтылдым. Оқудан шығып қалған жайым бар. Сол уақыттан бері есептегенде 40-50 млн теңге ұтылдым ғой букмекерлік конторалардан. Кредиттер алдым банктен, микрокредиттік организацияларға жүгіндім. Олардың бәріне қанша қарыз болдым. Автокөлігімді ломбардқа қойдым. Өз-өзімді қадағалаудан айрылдым. Өздігімен ойынқұмарлықты жеңе алмайтынын түсінген Қуат арнайы оңалту орталығына баруды жөн көреді. Бүгінде ол дертінен айыққан. Казино мен букмекерлік кеңселерден пайда таппайтынынын түсінген. Қуат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әке-шешеме звондадым. Осылай да осылай. Жағдай осындай. Мен қоя алмаймын деп звондадым. Оның алдында да біраз жерлерді көрдік. Емшілерге апарды. Осы «Аманат рехабқа» келдім. Емделіп, таза жолмен, дұрыс жолмен өмір сүрем десеңіз, емделу ешқашан да кеш емес. Құндылықтың бәрі өзгерді. Көзқарас өзгерді. Ойынқұмарлықты әр адам әр түрлі жолмен жеңеді. «Бұған кемінде 2 айдан 9 айға дейін уақыт кетеді»,- дейді мамандар. Арнайы оңалту орталықтарында құмарлықпен күресу үшін психотерапевттер тренингтер мен жаттығулар жүргізеді. Руслан ЛАТИФУЛИН, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ: Құмар ойын ойнайтындар алғашқыда мұның арты неге апаратынын түсінбейді. Олардың бойын қызығушылық билейді. Әрине, олар бір мезетте бұл дертті жеңе алмайды. Кейбір адамдарға қоғамнан оқшаулануға тура келеді. Біздің орталықта науқастардың 30 проценті ойынқұмарлықты түбегейлі жеңген. Ем алғандармен байланысымызды үзбейміз. Заңгерлер елімізде құмар ойындарға толығымен шектеу жоқ екендігін айтады. Мәселен, казино мен ойын автоматтары бар залдардың қызметіне тек Қонаев қаласы мен Ақмола облысының Щучинск ауданында рұқсат етілген. Бірақ бұл талап толық сақталып отырмағанға ұқсайды. Бағдат АМАНДОСҰЛЫ, ЗАҢГЕР: Қазақстан Республикасында «Ойын бизнесі» туралы заң бар. Ол заңның 15,1 заңында ойынға құмар азаматтарды шектеу көрсетілген. Ойынға құмар азамат өз қолымен ойындық қызмет көрсететін мекемеге арызданады. Өз еркімен осы құмарлық ойындарға шектеуді сұрайды, сөйтіп тапсырады. Солай ол арнайы реестрге енеді. Одан кейін ойын қызметін көрсететін орталықтар өзіне қабылдай алмайды. Құмар ойынның құрығы тым тереңдеп бара жатыр. Қармағына түссең, сытылып шығу оңай емес. Басты қателік, көпшілік бәс тігуді ермек, спортқа жанкүйерлік санауында. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әсет Найманбайұлының «Қисмет» әні жайлы қызықты дерек
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті