Алматылық құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер күшейтілген қызметке көшті

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері мен электр бригадалары күшейтілген режимге ауысты. Ал қаланың төтенше жағдайлар департаменті жоғары дайындық деңгейіне келтірілді. Алматыда кешке басталған өткінші жаңбырдың арты нөсер жауынға ұласты, бұл наурыз айында орташа айлық норманың 28%-ы (72 мм). «Судың арықтармен кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада шықты. Оның ішінде «Алматы Тазалық» кәсіпорнының 33 бригадасы бар. Кезекші бригадалар су басуға бейім учаскелерге уақытылы шығарылды. Құлаған ағаштар дереу тазаланады. Кезекшілікке барлығы 344 бірлік арнайы техника, 21 мотопомпа және 163 жұмысшы шықты. Қосымша 2 300 қап құм дайындалды», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Әкімдік сондай-ақ алдағы күндері ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты көліктерді жолдардың жиегіне қоймауға кеңес берді. Су тасқынын болдырмау үшін тұрғындарды арық пен каналды қоқысқа толтырмауға шақырды.Егер қандай да бір аумақты су басса, жедел ден қою шараларын қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне хабарласуға болады. Сондай-ақ әкімдікте ауа райының нашарлауына байланысты қалада электр қуаты, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілерінде апаттық ажыратулар болуы мүмкін екенін ескертті. «Алматы Қала Жарық» және «Алатау Жарық Компаниясының» апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кезекші бригадалар барлық өтінішке жедел ден қояды және ақауларды тез арада жою үшін жұмыс істейді. Барлық ажырату туралы ақпаратты «АЖК» АҚ-ның www.azhk.kz ресми сайтында Алматы қаласының электр энергиясын ажыратудың интерактивті картасы бөлімінен алуға болады. Электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның байланыс орталығы: 356-99-99 телефон нөміріне, сыртқы жарықтандыру желілерінде ажыратулар болған жағдайда «Алматы Қала Жарық»-тың 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 нөмірлеріне хабарласуға болады. Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді. Алматыда сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері, мердігерлік ұйымдар дайындыққа келтірілді. Қалалық ТЖД-ның күштері мен құралдары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысып, жоғары дайындық деңгейіне келтіріліп, жедел топ жұмысы құрылды. Алматыда ауа райының қолайсыздығын байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркетинг “құрбаны”: Дубай шоколадын сатқан жігіт сотталып кетті
Қарағанды облысында мешіт түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)
Күнде таңертең ашқарынға су ішу ағзаға қалай әсер етеді?
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды