Алматылық Сая Қыдырәлі 11 жасында IELTS-тан 6,30 ұпай алған

Тоғыз жасында сабақ беріп, 14 жасында екі бірдей оқу орталығын ашқан еліміздегі IELTS-тың ең жоғары көрсеткіш иегері алматылық Сая Қыдырәлі Қазақстан Телеарнасына сұхбат берді. Мектеп оқушысы сабақтан бос уақытында зияткерлік мектепте ағылшын тілінен сабақ беріп, табыс тауып, анасына көмектесіп жүр.Сая қазір 17-де. Алғыр қыз ағылшын тілін тез үйренудің тетіктерін алты жасында үйреніп, небәрі тоғыз жасында қатарластарына шет тілін үйрете бастаған. Ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай халықаралық жүйедегі тестерден жоғары ұпай жинап, былтыр екі халықаралық ұйыммен бірлесіп ағылшын мектебін ашқан.Сая Қыдырәлі, Алматы қаласының тұрғыны:14 жасымда өзімнің ағылшын мектебімнің негізін қаладым Өзім 9 жасымнан бастап сабақ бере бастағандықтан, өзімнің студенттерім бола бастады. Ағылшын тілі соңғы жылдарда өте үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Өйткені, тек қана шетелдік қана емес, біздің Қазақстандық мектептердің өзіне IELTS керек болып жатыр. Сондықтан әрқашанда сұранысқа ие сала болып қалады.Сая тіл үйренуіне анасының ықпалы зор екенін айтады. Қандай қиындық болмасын анасы білім алуыма қолдау білдірген.Шолпан Дінасылова, Саяның анасы:Тілі ерте шықты. Жәй ғана суреттер көрсетіп, көбіне түсінік айту. Кітап бірге оқып, соны түсініктеп. Бестен асып, алтыға таяған кезде бастадық екеуіміз. Саяның 4 жасынан бастап қамқоршысы өзіммін. Әкесі де, анасы да өзім болдым. Баланы әріқарай дамыту керек деген сияқты. Сондықтан ұлты американдық, британдық адамдармен танысып, қызымды көрсетіп, осындай дырынды бала бар деп келетінмін.Ана тілегі қабыл болып, бүгінде үміт артқан қызы үлкен жетістіктерден көрініп жүр. Ол жақында анасының арманын орындап пәтер сыйлады.Көп қаржылай қиындықтар болды.11 жасымдағы IELTS-ты тапсырайыншы деген кезде, ол ақылы емтихан болғандықтан менің анам бетімді қақпай тапсыра ғой деді. Бірақ, сол кезде мен білмеппін сол IELTS-ты төлеп беру үшін бір аяқ-киіммен 1 жыл бойы жүрді. Саяның ендігі мақсаты - жоғарғы білім алып, жақсы маман болу. Ол үшін қабілет те, жігер де бар. Білгенімді өзгелермен бөліскісі келетін талапкер, алдағы күнде тіл үйрететін үлкен орталықтардың санын көбейткісі келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қылмыскер ерлі-зайыптыны атып кеткен
Ақмола облысында сегіз ауылға сапалы ауыз су берілді
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды
Пияздың пайдасы мен зияны
Әскер қатары толықты
«Бәрінен құтылатын жыл»: Танымал нумеролог 2025 жылға болжам жасады (ВИДЕО)
“Балаларға арналған кәмпит те жоқ“. Дәулет Мұқаев Парламент құпиясын ашты
50 миллион теңге: 7 баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды
Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған
Қытайда 3 шақырым туннельді 110 күнде қазады, Алматы метросын ше?
Алматы облысында полицей жолда қаза тапты
Бәрі бітті: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты
Атырауда 60-тан аса отбасы ажыраспақ болып, кейін татуласқан
«Балаларға электрошокер қолданып, ине шаншыған»: Атыраудағы әскери мектепте тексеріс басталды
Микрофонға бола жанжалдасқан ер адам сотталды
Ұлытаулық азамат бұрынғы сүйіктісінің жалаңаш суреттерін жариялағаны үшін сотталды
Бүгін қазақстандық архившілер күні
Атырауда баланың саусағы шайбаға кептеліп қалған
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды
Алматы облысында өз туған күнінде жоғалған адам табылды
АҚШ пен Израиль Йемен астанасына әуеден соққы берді
22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
Әлназарова Қостанайда фельдшердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді