Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 860 шақырымда Ауғанстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.Сейсмикалық станциялар желісі мамандарының хабарлауынша, жер сілкінісі 12 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:41-де болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ. Бұған дейін сейсмология институтының мамандары алдағы аптада Алматы қаласының аумағында, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарында 3-3, 5 балға дейінгі жер асты дүмпулері сезілуі мүмкін екенін айтқан болатын.