Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді.Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 10:52-де болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.