Алматылық студент жанармайсыз жүретін көлік жасап шығарды. Оны басынан-аяғына дейін өзі ойластырып, командасымен бірге құрастырған. Көліктің жетілдірілген нұсқасы күзде Италияда өтетін әлемдік сайысқа қатыстырылады. Бала кезінен робот жасап өскен Елнұр мұндай жобаларды ел ішінде үйреншікті дағдыға, трендке айналдырғысы келеді. Ісімнің негізгі философиясы – жастар инженерияға қызығып, өз көлігін жасауды армандаса дейді. Елнұр ӨТЕПБАЙ, СТУДЕНТ: Бұл жерде ары қарай дамудың екі жолын көріп тұрмыз. Біріншісі – өзіміздің ортазиялық осындай кішігірім көліктердің чемпионатын жасау. Кәдімгі біздің техникалық колледждер, университеттердің көбісі қатыса алатын чемпионат ашу ойымызда бар. Екіншісі – біздің қазақстандық шаруаларға өзіне жарайтын баги жасағымыз келеді. Фермерлерге қолайлы сондай транспорт түрін ойластырып жатырмыз. Бұл проект махаббатпен қазақстандықтардан – қазақстандықтарға жасалып жатқан проект. Бұл электромобильмен 60 км/сағатқа дейін жүруге болады. Машинаның жүргізу құрылымы тежегіш, газ, оталдырғыштан тұрады. Көліктің екінші жетілдірілген нұсқасы осы жазда дайын болады. Ол бұдан да шағын, ыңғайлы, салмағы- 50 келі. Оның аккумуляторында 120 аттың күші бар. Елнұр ӨТЕПБАЙ, СТУДЕНТ: Біз көлігіміздің жаңа прототипін дайындап жатырмыз. Биыл Италия мен Ресейге өзіміздің жаңа көлігімізді көрсетпекші болып тұрмыз. Ол тамыз және қыркүйек айларында өтеді. Сол жақта болатын Ортазиялық бірінші команда болып тұрмыз. Қазақ елін сол жақта бірінші болып көрсететін команда боламыз. Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бұл- біздің Қазақстанда жасалған формула студент класындағы алғашқы көлік. Мұнда 15 аттың күші бар. Көлікті айдау өте жеңіл. Көріп тұрғандарыңыздай мен де бірден айдап үйреніп кеттім. Ендеше жігіттерімізге сәттілік, алдағы істері оңынан болсын дейміз. .