Алматылық студент жанармайсыз жүретін көлік жасап шығарды

Алматылық студент жанармайсыз жүретін көлік жасап шығарды. Оны басынан-аяғына дейін өзі ойластырып, командасымен бірге құрастырған. Көліктің жетілдірілген нұсқасы күзде Италияда өтетін әлемдік сайысқа қатыстырылады. Бала кезінен робот жасап өскен Елнұр мұндай жобаларды ел ішінде үйреншікті дағдыға, трендке айналдырғысы келеді. Ісімнің негізгі философиясы – жастар инженерияға қызығып, өз көлігін жасауды армандаса дейді. Елнұр ӨТЕПБАЙ, СТУДЕНТ: Бұл жерде ары қарай дамудың екі жолын көріп тұрмыз. Біріншісі – өзіміздің ортазиялық осындай кішігірім көліктердің чемпионатын жасау. Кәдімгі біздің техникалық колледждер, университеттердің көбісі қатыса алатын чемпионат ашу ойымызда бар. Екіншісі – біздің қазақстандық шаруаларға өзіне жарайтын баги жасағымыз келеді. Фермерлерге қолайлы сондай транспорт түрін ойластырып жатырмыз. Бұл проект махаббатпен қазақстандықтардан – қазақстандықтарға жасалып жатқан проект. Бұл электромобильмен 60 км/сағатқа дейін жүруге болады. Машинаның жүргізу құрылымы тежегіш, газ, оталдырғыштан тұрады. Көліктің екінші жетілдірілген нұсқасы осы жазда дайын болады. Ол бұдан да шағын, ыңғайлы, салмағы- 50 келі. Оның аккумуляторында 120 аттың күші бар. Елнұр ӨТЕПБАЙ, СТУДЕНТ:  Біз көлігіміздің жаңа прототипін дайындап жатырмыз. Биыл Италия мен Ресейге өзіміздің жаңа көлігімізді көрсетпекші болып тұрмыз. Ол тамыз және қыркүйек айларында өтеді. Сол жақта болатын Ортазиялық бірінші команда болып тұрмыз. Қазақ елін сол жақта бірінші болып көрсететін команда боламыз. Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бұл- біздің Қазақстанда жасалған формула студент класындағы алғашқы көлік. Мұнда 15 аттың күші бар. Көлікті айдау өте жеңіл. Көріп тұрғандарыңыздай мен де бірден айдап үйреніп кеттім. Ендеше жігіттерімізге сәттілік, алдағы істері оңынан болсын дейміз. .

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
«Транс боксшыдан жеңілдім»: Ангелина Лукас неліктен Олимпиадаға бара алмағанын айтты
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті