Алматылықтар бүгін бірін-бірі Амал мерекесімен құттықтап, мәре-сәре болды

Алматылықтар да бүгін бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре. Көктөбеде қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Амал келді, Жыл келді! Жаңа жылға аман-есен жеткендер қол алысып төс қағыстыруда. Мерекелік көңіл күй ерекше сезіледі. Қыстан қысылып шыққан жұрт осы күнге жеткеніне шүкіршілік етеді. Көктөбедегі тамаша думанға эстрада жұлдыздары келіп, өнер көрсетті. Бүгіннен бастау алған мерекелік шаралар енді Алматыда он күн бойы тойланады. Халықтың қуанышында шек жоқ. Кішілер үлкендерге амандасып, үлкендер бір-бірімен құшақтасып көрісудің шырайын кіргізді. Бұл дәстүр адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, кешірімді, қайырымды, бауырмал болуға үндейді.Базарбек АТЫҒАЕВ, МЕРЕКЕЛІК ЖОБАНЫҢ ПРОДЮСЕРІ, СЦЕНАРИСТ: Ең көне деректерде ұлыстың ұлы күнін осындай көңіл-күйде қарсы алу сол кезде жасалған. Мына көрісу ғұрпы туралы Рубруктың саяхаттама жазбаларында кездеседі. Негізі бұл наурыз жалпы халықтық табиғаттың мерекесі. Яғни біздің ата-бабаларымыздың биосфералық көзқарасын көрсететін бес мың жылдық тарихы бар мереке. КСМ: Мейрамның жоғары деңгейде өтуіне мегаполистегі сегіз аудан, бүкіл театрлар, өнер ошақтары, сонымен қоса республикалық, қалалық, барлық мәдениет саласына қарасты мекемелер атсалыспақ. Алма АМАНЖОЛОВА, ҚР ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ:Құрметті Отандастар! Жыл көрдім, аман көрдім, есен көрдім дегендей, аман-есен бір жастарыңыз, толуларыңыз құтты болсын.Қыстан ама-есен шыққанын ерекше сыйлап, ерекше атап өтетін осы бір керемет мереке біздің осы Көктөбенің төрінде жайғасып, осы Көктөбенің баурайында кездесуге жылдан-жылға Алла нәсіп етсін! Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, АҚЫН, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Жыл сайын наурыз көже жасаймыз. Біз жасаған наурыз көженің дәмі керемет болады. Мәселен, мен Зайсаннан, Сауыртаудан тұздалмаған, қайнатылған құрт алдырамын осы үшін. Осы жолы да он келісін алдырып қойдым. Сондықтан наурыз көже жасап, мерекемен құттықтап, көктемнің мерекесін, ұлттық мерекені, жаңа жыл мерекесін осылай қарсы аламыз. Алатаудың баурайындағы бұл думан қонақтардың көңілінде әдемі естелік болып қалды. Мерекелік шара енді үлкен мейрамға ұласып, бүкіл Қазақстанда ауқымды түрде өз жалғасын таппақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?
Арал теңізінің құрғаған ұлтаны қалпына келтіріліп жатыр
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
Петропавлда үш сағаттан аса уақыт бойы құтқарушылар алапат өртті сөндірді
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
Шымкентте бес ай бұрын пайдалануға берілген үйлер бүлініп жатыр (ВИДЕО)
Ақмолада жолдағы қар тазаланбағаны үшін 14 шенеунік жазаланды
ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды
Ливанда жаңа президент сайланды
Бір қаланың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Түркістан облысында құтқарушылар үш жүкті әйелді перзентханаға жекізді
Түркістан облысында құтқарушылар үш жүкті әйелді перзентханаға жекізді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Петропавлда көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы азық-түлік дүкені өртенді
Brain drain немесе білімді қазақ жастарының шетелге имиграциялануының сыры неде?
Павлодар облысы Майқайың кентінде жер дүмпуі тірелді