Алматылықтар қараусыз қалған алма бағын сақтап қалуды сұрайды

Алматы тұрғындары қараусыз қалған алма бағын сақтап қалуды сұрап отыр. Осы өтінішпен олар «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясына жүгінді. Ремизовкадағы қараусыз қалған бақтың ауданы 96 гектар. 2000–шы жылдардың басында мұндағы бірқатар учаскілердің нысаналы мақсаты заңсыз өзгеріске ұшыраған. Сөйтіп бұл аумақ жекенің қолына өтіп кетті. «Болашақта мұнда тұрғын үй салу жоспарланғанымен, қазір бұл бақ бұзақылардың мекеніне айналды»,- дейді жұрт. Сөздерінше, жерді тез арада мемлекет меншігіне қайтару керек. Ернар САЙЛЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз осы жердің тарихи ландшафтын сақтап қалуды сұраймыз. Кеңес Одағы кезінде егілген бақтың күйі қазір мүшкіл, күтімді қажет етеді. Біз алматылықтардың осы аймақтағы биоалуантүрлікті сақтауға ықпал ету мүмкіндігіне ие болуы керек деп есептейміз. Мәселені «AMANAT» партиясы өз бақылауына алды. Партия жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. «Басқосу қорытындысы бойынша хаттама әзірлеп, тиісті ұсынымдарды жауапты органдарға жолдаймыз»,- дейді партиялықтар. Қуаныш ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 898 Өтініш иелерінің атынан немесе қоғамдық бірлестіктің атынан арнайы хат әзірлеп , сол мәселені шешу бойынша и кадастрлік номерлерін тексеру бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне арнайы хат әзірлейді. Хаттың қорытындысы бойынша департамент арнайы тексерістер жүргізіп, қорытындыларын біз «Жер аманаты» комиссиясында қарап, әрі қарай тиісті шаралар қабылдайтын боламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды
Хабиб Нурмагомедовтің бапкері Шавкатты UFC чемпионы "етті"
Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастады
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай