Алматылықтар қоғамдық әжетханалардың жұмысына наразы

Алматыда қоғамдық әжетханалар жұмысының әлегі басылмай тұр. Тұрғындар мен қоғам белсенділері «қалада дәретхана тапшы» дейді. 2021 жылы Туризм басқармасы қалада 20 санитарлық – гигиеналық торап орнатқан еді. Алайда, бүгінде 160 млн теңгеге сатып алынған 20 әжетхананың бірі істесе, енді бірінің есігі жабық. Жауаптылар бұған не дейді? Тілшіміз Мөлдір Жақан біліп келді.Театр киім ілгіштен, ал. Әдетте, «Алматы - туризм қаласы» деп кеуде қағамыз. Алайда, мұнда халықтың сапалы демалысы үшін қажетті бір мәселе тасада қалғандай. Ол - қоғамдық әжетханалар. Тұрғындар қаладағы қоғамдық әжетханалардың жиі істен шығып қалатынына наразы. БЛИЦ: - Көп жерде кіргізбейді әжетханаларға кафелерге кіре салайын десең. Ақылы болса да кірер едік мынандайларға. Бірақ ол жабық тұрады көп жерде. амал жоқ, елдерге жалынумен боламыз. - Қоғамдық әжетханалардың болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, кейбір адамдар табиғатқа кері әсерін тигізіп, жан-жаққа отыра салады. Ол дұрыс емес. - Демалуға келген халыққа ыңғайсыз. Тем более мына Арбатта халық демалып көп жүреді. Шетелдік туристерден өте ұят. Қоғамдық әжетханалар-мәдениетіміздің көрінісі. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Біз қаланың қақ ортасында орналасқан қоғамдық әжетханалардың біріне келдік. Әжетхана жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін. Мұнда кіру үшін 50 теңге төлеу керек. Ақшаны салдым, бірақ оны қабылдамады. Әжетхананың есігі де жабық. Қоғам белсенділері «Туризм басқармасы орнатқан 20 әжетхана Алматыдай мегаполис үшін аздық етеді»,- дейді. Оған қоса олардың тәулік бойы жұмыс істемейтіндері де тұрғындар үшін ыңғайсыздық тудыратынын айтады. Богдан ДЖЕПКА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Бұл сұрақ өткен жылдан бері өзекті. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені бақылауда ұстауға тырысады. Тұрғындарды да мониторинг жүргізуге шақырамын. Қалада қоғамдық әжетханалардың саны өте аз. Мәселең, Түрксіб ауданында мүлдем дені дұрыс қоғамдық әжетхана жоқ. Ерекше жандар үшін де жағдай жасалмаған. Ал туризм басқармасының өкілдері санитарлық-гигиеналық тораптардың неліктен жиі істен шығатынын былай түсіндірді. Айбол МҰРАТХАН, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қыс кезінде суық кезең болды. Құбырлар қатып қалу себебімен кейбір мән -жайларға байланысты істен шығуы. Сонымен қатар монетоприемник деген құрылғы бар. Соның істен шығуы. Оны біз шетелден тапсырыс береміз. Оның келуі апталап созылады, бір айға дейін жуық созылып кетеді. Сол себептен тораптар өкінішке қарай жабылып қалады. Басқарма қызметкерлері қоғамдық дәретханалардың жекеменшік компанияға сенімгерлік басқаруға берілгенін жеткізді. Орын алған олқылықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Алайда басқарма алдағы уақытта жаңа санитарлық-гигиеналық тораптарды орналастыру жоспарда жоқ дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды