Қазір еліміздің түкпір- түкпірінде жаңа жыл мейрамына дайындық қарбалас. Көше абыр-сабыр адам. Айнала әдемі безендірілген. Жұрттың көңіл -күйі көтеріңкі. Жаңа жылдың келуін күтіп, күн санап жүргендер көп. Аймақтардағы тілшілеріміз мерекелік атмосфераны жеткізеді. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Жұртшылық жаңа жылды асыға күтеді. Мегаполисте қазір 9 градус жылы, қар болмаса да жаңа жылдық көңіл күйді түгелдей безендірілген көшелер мен шыршалардың шамдары әсерлі етіп тұр. Алматылықтар қоян жылын алғыспен шығарып салып, іргемізден еніп келе жатқан ұлу жылын қуанышпен қарсы алуға дайын. Жаңа жыл қарсаңында әсемдене түскен Алматы көшелерін аралай, ертегі әлеміне енгендей боласыз. Әсіресе, кешқұрым алаңдарда жарқыраған шамдар, безендірілген ғимараттар ерекше жаңажылдық атмосфера сыйлайды. Мереке қарсаңында біз де тұрғындарды тәтті сыйлықтармен қуантуға тырыстық. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Заманымыз тыныш, бақытты өмір сүрейік, қала өте әдемі безендірілген, ұнайды бізге. Жаңа мақсаттар қоямыз, жақсылық күтеміз, сол мақсаттарымыздың орындалуын тілейміз, көп мақсат қоямыз. - Аяз ата келіп тұр, бізге сәлем беріп тұр. Тақпақ айтқан балаға сыйлықтарын беріп тұр. - Әрқашанда жаңа жыл немен бітті, есепке саламын өз ойыммен, келе жатқан жаңа жылымызға ойланамын осындай жетістікке жетсек екен. Туған туысқандар, халқымыз аман болса екен. Жасым 75-ке келсе де, шынын айту керек ар жағынан көп өмір сүре бергім келеді, Қазақстанның гүлдеген күндерін көре бергім келеді. - Өте керемет көңіл күй, қар жоқ болса да суық. Қазақстандықтарға зор денсаулық тілеймін біріншіден, мол бақыт ашық аспан. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Бүгін осы жылдың соңғы жұмыс күні болғандықтан, халықтың жаңажылдық көңіл-күй ерекше сезілгендей болды. Мегаполис мерекеге толықтай дайын, 8 ауданда 100-ден астам фото-аймақ орнатылған. Әр ауданның тұғындары үшін мерекелік концерттер өтіп жаңа жылдық фестиваль жалғасып жатыр. Ал Батыста мерекелік көңіл-күй қалай? әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қуантсаң, баланы қуант. Бүгін атыраулық волонтерлар көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына барып, сәбилерді жаңа жылымен құттықтады. Жәй барған жоқ, тәтті сыйлықтарын беріп, ән салдырып, би билетті. Бөбектердің жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлады. Роза Қисымованың үш кенжесі әлі мектеп жасына жеткен жоқ. Балабақшаға да бармаған. . Сондықтан олар үшін мереке үйіне келді. Алғашында аюдан тосырқағанымен, кейін бірге билеп кетті. Тәттілер толы пакетті ашып, бірден бас қойды. Роза ҚИСЫМОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Балалар өте қуанышты сіздерді көргеніне. Жаңадан күтіп жүр қашан келеді деп. Жаңа жылға, шыршаға бармаған үйдегі балалар ғой. Мереке келгендей болды. Қуаныштымыз. Құттықтап келген қонақтарға балалар тақпақ айтып, ән шырқады. Үлкендер де тосын сыйға балаша қуанып, батасын берді. «Жаныңдамын» қоғамдық қоры жаңа жыл қарсаңында 500 бөбекке тәтті сый таратқан. Жас волонтерлар думандатып кіріп келгенде, үйдің үшін мерекеге толтырды. Мейрамгүл ЕСНИЯЗОВА, «ЖАНЫҢДАМЫН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Негізі балаларға ден қоямыз. Бірақ басқа да мүмкіндігі шектеулі үлкен адамдарды да өзіміздің назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Оларды да қуантуға тырысамыз. Олар да мерекені асыға күтеді. Жалпы жаңа жылдық тәтті сыйлықтар емес, қолымыздан келсе демеугшілердің тарапынан , өзіміздің волонтерлардың көмектесудің нәтижесінде әртүрлі азық-түлікпен болсын, басқалай да көмек көрсетіп жатымыз. +. Өзіміз де мәз болып қаламыз. Балалардың қуанғанын көрген сәтте. Өзіміздің жақсы жолда жүргенімздің тағы бір дәлелі болады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Баланы қуанту – әлемге шуақ шашумен тең. Волонтерлардың ыстық ықыласынан соң ата-аналар да бір сәт проблемасын ұмытып, жаңа күш алғандай. Ендеше жыламасын сәбилер, ауырмасын балалар. Жаңа жылдағы басты тілек – осы!