Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.Онда Алматы қаласы әкімдігі, Қалалық ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, Ауған соғысының ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері гүл шоқтарын қойып, Тәуелсіздік құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.«Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біз Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігіміз туралы әрдайым есте сақтап, келер жас ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жастарға айтарым: білім алыңыздар, спортпен шұғылданып, ортақ үйіміз – Қазақстанды бірге көркейтейік», - деді Желтоқсан оқиғасының ардагері, «Өршіл рух» қоғамдық бірлестігінің басшысы Серік Мұхаметалин. Қоғамдық кеңестің мүшесі, жазушы Бекнұр Кисиков жиналғандарға бұл күнің қаншалықты маңызды екенін айтты. «Жыл сайын осында келу мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені мен 1986 жылы осында болдым. Мұның бәрі менің көз алдымда өтті. Мен үшін бұл қасиетті мереке, қасиетті күн. Бұл – еске алу күні. Тәуелсіздіктің 32 жылында біз барлық салада көп нәрсеге қол жеткіздік. Әлемдік аренада танылу, дипломатиялық және экономикалық деңгейде танылу. Біз Орталық Азиядағы Орталық экономикалық драйверміз. Бұл күн 1986 жылы алғаш рет Тәуелсіздік туралы ойлағанымызбен құнды», - дейді Бекнұр Кисиков. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл оларға берілетін біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды