Алматыда Достық даңғылы бойынан шыққан атыс дауысы тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Онда Алматыда Достық даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары ҚР ҰҚК шекара академиясынан шыққан атыс дыбыстарынан шошығаны айтылған.Алматылықтар былтырғы Қаңтар оқиғасына қайта тап болғандай сезімде болғанын айтты. Бұл ҰҚК Шекара академиясында дайындық кезде атылған оқ екені анықталды. Қазір мекемеде жас офицерлерді шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. ҰҚК мәліметінше, іс-шара 24 маусымда өтеді.