Алматы қалалық ТЖД мегополис тұрғындары мен қонақтарына қар басқан тау беткейлеріне шықпауға кеңес береді. Өйткені 8-12 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар."Қазгидрометтің дауылды ескерту негізінде 08-12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні қауіпі сақталатын туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс", - деп атап өтті қалалық ТЖД. Тау басында батыстан соққан желдің екпіні 22 м/с құрайды деп болжанады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан тау беткейлеріне шықпау ұсынылады, ең дұрысы - тауға барудан бас тарту.Тауда жүргендерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.