“Алматы қаласын Еуразия құрлығындағы ең үлкен транспорттық хабқа айналдыруға мүмкіндік бар.” Бұл туралы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының отырысында айтылды. Халық қалаулылары Президент Жолдауындағы маңызды міндеттемелердің іске асырылуын талқылады, әсіресе еліміздің ең ірі мегаполисі, Алматы қаласына тікелей қатысты бірқатар жобалар жөнінде ойларын білдірді. Депутаттар “Көлік Министрлігінің” қайта құрылғанына қуанышты екендерін жеткізді. “Жаңа министірлікпен бірлесе мегаполисті үлкен транспорттық хабқа айналдыра аламыз” -дейді. Нұрымбек ТАУ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Алматы қаласы Үлкен транспорттық Хабқа айналуға мүмкіндігі бар. Яғни бұрынғы аталарымыздан келе жатқан Жібек жолы жолын жаңғырту. Президентіміз Жолдауында айтты ғой, Евразиялық құрлықтағы ең үлкен транспорттық әлеуетіміз жоғары, жеріміз кең елміз, сондықтан құрғақ порт құрып, осы сауда-саттықтағы транзиттік мемлекет ретінде беделімізді арттыруымыз қажет. Фракция мүшелері жолдауда айтылған басқа да бастамалардың маңыздылығын айтып, қолдау білдірді. Өңдеу өнеркәсібінің дамуы мен корпоративтік секторды кредиттеу мәселесі жайлы пікілер айтылды. Содай-ақ халық қалаулылары жергілікті тауарлар мен қызметтердің үлесін алпыс пайызға дейін жеткізу мәселесін ерекше атап өтті. Игорь ПРОЦЕНКО, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы мәселені қолға алатын болсақ, бізде отандық өндірістегі тауарлардың 60% - ы тұтынушыны елімізден таба алады. Біз Алматыда жергілікті қамту жөніндегі комиссия аясында жұмыс істеп келеміз және осы тұста нақты қандай көрсеткіш бар екенін білеміз. Президент тапсырма берді, біз оны орындай аламыз деп ойлаймын.