Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында пара беру және пара беруге делдалдыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотта Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты мен «К» ЖШС арасында (директорі Б.) саябақтардағы жасыл желектерді күтіп-ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды. Жасыл алқаптарды тексеру кезінде Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Р. орындалған жұмыс актілері мен жұмыстардың құны туралы актіге кедергісіз қол қоюы үшін делдал арқылы пара алу ниеті туындаған. Өз кезегінде Б. бұл ақпаратты ЖШС құрылтайшысына хабарлаған. Осылайша, Р. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, делдал Б. арқылы пара беруші М-дан (ЖШС құрылтайшысы) өзінің қызметтік өкілеттігі шегінде әрекет жасағаны үшін 13 785 000 теңге көлемінде пара алған. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындады. Прокурор Р. мен М.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы Б-ны 1,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. «Сот үкімімен сотталушылар Р. және М. пара алу және пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сотталушы Б. пара беруге делдалдық танытқаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сотталушылардың шын ниетпен өкіну, кінәсін мойындау, кәмелетке толмаған балаларының болуы және бұрын соттылығы болмауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ», - деп хабарлады Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті