Алматының тау бөктерінде жаппай бәйшешек гүлдеп жатыр. Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Instagram-дағы парақшасында көктем гүлінің қар мен мұзды жарып шыққан сәтін түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz."Жыл сайын алатау бәйшешегін суретке түсіремін, жыл сайын түрліше болып шығады. Бұл жолы мен ең алғашқы гүлдің еріген қар мен мұзды жарып өткен сәтін түсіріп алдым", - деп жазды ол. Фотограф нәзік гүлдің жылу мен күнге жол табатын күштілігіне таңданды.