Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

Алматы қаласының Бас жоспары 2011 жылдан бері жаңартылмаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Агенттік қала әкімдігімен бірлесіп сәулет және құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Бұл жұмыстар мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл сәуір айында басталған болатын. Нәтижесінде Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды. Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қала құрылысы құжаттамасының жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарының сәйкес келмеуімен байланысты. Сондай – ақ құрылыс объектілерінің келісілген жобалау алдындағы құжаттамадан ауытқу фактілерң болған.Мұрат СЕЙІТЖАППАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОФИЦЕРІ Біріншіден, қала құрылысын жоспарлау кешенді түрде жүргізілмеген. Оның басты себептерінің бірі – Алматы қаласының Бас жоспары 2002 жылы бекітілген және де ол 2011 жылы өзінің өзектілігін жоғалтқан. Ағымдағы жылы Үкіметпен Алматы қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. 229 гектар жер аумағы тұрғын үй аумағына, қайта рекреациялық аймаққа ауыстырылды. Заңсыз салынған объектілер бойынша шұғыл әкімшілік шаралар қабылданды. Бастапқы құжаттарды бұзу және жою туралы сот ісі қозғалып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Заңбұзушылықтар бойынша бүгінде агенттік 8 қылмыстық істі тергеп жатыр.Әлішер ӘБДІҚАДЫРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазіргі таңда сот 8 объектіні сүру туралы шешім қабылдап үлгерді. Басқа да объектілерге қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Құрылысқа деген талаптарды қатаңдату бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледік. Парламент жедел әрекет ету шараларын енгізуді қарастыруда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда бірнеше апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Шавкат жарақатпен де төбелесе алады: Шетелдік спорт журналисті қазақ файтері туралы айтты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Доллар бағамы қандай?
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
ТЖМ басшысы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты
16 адам қайтыс болды: Лос-Анджелесте отты торнадо көтеріліп жатыр
Енді қоғамдық орында боқтап, түкіргендер көше сыпырады
Орталық Азиядағы ең үздік әскер
2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды — ІІМ
Швейцария Трамп пен Путиннің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді
Жазадан қашқан 15 қылмыскер шетелде қолға түсті
Туриндегі универсиада: хоккейшілеріміздің ойын кестесі шықты
Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары адам өлтірген күдіктіні ұстады
Қазақстанда діни және ұлттық алауыздық тудырғысы келген қанша адам ұсталды?
Бүгін - Дінмқхаммед Қонаевтың туған күні
Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
«Үстінен екі рет мыжып өткен». Семейде бойжеткенді қағып өлтірген жүргізушіге жеңіл жаза берілген
Лос-Анджелестегі өрт салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті