Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі

Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Алматы әкімі Ерболат Досаев бейінді басқармалардың, Төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын басқару департаментінің және т.б. қатысуымен тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді.Айта кетейік, Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен таулы аймақтары және тау бөктеріндегі құрылысты бақылау күшейтілді. 2022 жылы маусымда мәслихат еңісі 15 градустан асатын беткейде құрылысқа тыйым салатын аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарында әкімдік бастамашылық еткен өзгерістерді бекітті. Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты, қала тұрғындары және сарапшылардың қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған бірқатар ұсыныс енгізілді. Соның бірі тау бөктеріндегі 4 270 гектардан астам жерді құрылысқа тыйым салу үшін рекреациялық аймақтарға ауыстыру. Қала құрылысы және урбанистика басқармасы халықтың өтінішімен тау бөктеріндегі нысандарды жобалауға топырақтың инженерлік-геологиялық іздестіру кезінде бастапқы деректерді береді. Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген. Бұл ретте, кеңеске қатысушылар атап өткендей, бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімдерді сақтамайды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тек рұқсат құжаттамасын алу үшін инженерлік-геологиялық топырақты іздестіруді жүргізеді. Таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізген 54 фактісінің 46-сы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, бүгінде оның 5-інде нысандар бұзылды. Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттігін күшейту жөнінде ұсыныс енгізілсін. Жер ресурстарын басқару департаменті – жер заңнамасының сақталуы үшін жер телімдеріне тексерулер жүргізсін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күнде таңертең ашқарынға су ішсе, ағзада не болады?
ШҚО-да жолда бұзылып қалған автобустың 46 жолаушысына көмек көрсетілді
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды