"Алты сәби жансақтау бөлімінде": Ақтөбе облысында қызылшаға қатысты жағдай ушығуда

Ақтөбе облысында қызылшаға қатысты жағдай ушығып барады. Қазір жансақтау бөлімінде алты сәби жатыр және емханадағы барлық төсек-орын науқастармен толыққан. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ақтөбе облысында қызылшаның алғашқы оқиғалары ақпан айында тіркеле бастаған. Деректерге сай, ауру шетелден жұққан. Аурудың қарқыны күз келе күшейе түскен. Жыл басынан бері облыстың мыңнан астам тұрғыны қауіпті дертке шалдыққан. Қазір жансақтау бөлімінде алты сәби жатыр. Ал емханаларға қосымша төсек-орындар салынуда."Бүгінде бізде облыста 211 төсек, ересектер мен балаларға арналған облыстық ауруханаларда 91, "Чайка" шипажайында 120 төсек бар. Соңғы 10 күнде мұнда күніне орта есеппен 20 жағдай тіркелді", – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаев. Дәрігерлердің айтуынша, ауру жұқтырған балалардың 70 пайыздан астамы екпе алмаған. Ал мұндай жағдайларда аурудың алдын алу өте қиын екен. "Екпе алмаған адамдардың қызылшаға қарсы иммунитеті мүлдем жоқ. Сондықтан ауру классикалық, ауыр түрге өтеді. Ауыр симптомдар: интоксикация, қызба, әлсіздік, летаргия. Тыныс алу жүйесінен асқынулар жиі дамиды", – деді Ақтөбе облстық клиникалық инфекциялық аурухананың бас дәрігері Майра Нұрғалиева. Дәрігерлер қызылшаның өте жұқпалы ауру екенін ескертуде. Вакцинацияланбаған адам оны 100% ықтималдықпен жұқтыруы мүмкін. Аурудың айтарлықтай өскеніне қарамастан, облыстағы балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмаған. Қызылша анықталса, жұқтырған бала оқшауланады. Ал қалған балалар 21 күн бойы бақылауда болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана» мен «Челси» ойынына билеттер сатылмай жатыр
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды