«Алтын адам» түпнұсқасы ұрланған жоқ – Ұлттық музей

Ұлттық музей басшылығы «Алтын адам» жәдігері айналасындағы қауесеттерге түсінік берді.Редакция «Алтын адамның» ұрланғаны жөнінде қауесетке түсінік беруді, сондай-ақ музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға қатысты қозғалған істен кейін жәдігерге қоғам қызығушылығы қандай деңгейде екенін сұрады. «Алтын адам» жәдігері төңірегінде болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты халық тарапынан теріс, жағымсыз ой пікір қалыптасқан жоқ. Аталған жәдігер – отандық келушілер мен шетелдік туристер қызығушылығын танытып, суретке түсетін танымал экспонаттардың бірі. Сондай-ақ «Алтын адамның түпнұсқасы ұрланды» деген сөз шындыққа жанаспайды», - делінген ҚазАқпараттың ресми сауалына орай музейдің берген жауабында. Одан бөлек, Ұлттық музей басшылығы «Алтын адам» жәдігерін сақтау және көрме ұйымдастыру шығындарына қатысты мәлімет ұсынды. «Алтын адамды» сақтауға, ел ішінде және басқа да мемлекеттерге апаруға қажетті қаржының көлемі бірнеше факторға байланысты - көрменің өту мерзіміне, алаңның аумағына, жәдігерлерді сақтандыру құнына, жұмылдыратын мамандар санына, тасымалдау шығындары мен тағы басқасына. Аталған талаптар негізінде ел ішінде және шет елдерде «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға қажетті қаржы ресурстары көлемі айқындалады», - дейді музейден. Еске сала кетейік, былтыр 28 мамырда Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен қамауға алынған еді. Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. А.Мұхамедиұлы биылғы 20 маусымда сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Дина Төреәлі екінші перзентінің жынысы мен есімін жариялады
Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында тағы да ел рекордын жаңартты
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?