Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Оның ширек финалдағы ойынын әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо арнайы келіп тамашалаған, - деп жазды massaget.kz.Ширек финалда Елена канадалық Лейла Фернандеске қарсы ойнап, камбэк жасады. Аса тартысты өткен ойынды "Алтын доп" иегері стадионда отырып көрген. Роналдиньо Рыбакинаның фанаты, - деп жазады журналист Бастьен Фашан.43 жастағы футболшы Еуропада "Барселона", "Милан" және ПСЖ клубтарында ойнады. 2002 жылы Бразилия құрамасымен әлем чемпионы атанды. "Алтын доп" иегері.