Алтын медаль иегері Илья Мизерных сұхбат берді

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын олжалады. Тұғырдан шаңғымен секіру спортынан алматылық Илья Мизерных жүзден жүйрік шықты. Жас спортшыны жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада алғаш рет қазақстандық үздік атанды. Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтаған Қазақстан Президентінің сәлемін оған еліміздің туризм және спорт министрі жеткізді. Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі: - Оның барлық қарсыластарынан озық шыққанын көрген боларсыздар. 50-ге жуық елден келген спортшылардан ол ең алыс ұшты. Үкімет қаулысына сәйкес Ильяға 10 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Тағы да атап өткім келеді, бұл біз үшін ерекше медаль. Илья 16-да, бес жасынан шаңғы спортымен айналысады. Олимпиада чемпионының айтуынша, жетістікке жету үшін өзіңе сеніп, жиі жүгіріп, тамақты талғаммен жеу керек. Мизерных Олимпиададағы жеңісін Қазақстанға арнады. Илья Мизерных, Олимпиада чемпионы: - Мен тек тапсырмамды орындап, өз жұмысымды істедім. Біз әлем чемпионатына дайындалдық. Мен одан басқа ештеңе ойламадым. Алғаш Кореяға келгенде үрей болды, бірақ бапкерімнің ақыл-кеңесі арқасында бойымды тез жинап алдым. Қазақстан құрамасы бапкерлерінің айтуынша, Ильяға шаңғымен секіруден әлем кубогіне қатысқан тәжірибесі мен спортшыларды дайындауға арналған жаңа кешендердің көп көмегі болған. Қайрат Биекенов, ҚР Олимпиадалық резервін дайындау орталығының аға бапкері: - Щучье қаласында салынған шаңғы трамплиндері кешені Олимпиадаға дайындық орталығының негізі болып табылады, менің ойымша бұл әлемдегі ең жақсы базалардың бірі, өйткені бұл базада бәрі бар - қонақ үй, жатақхана, жаттығу залдары. Ең бастысы, трамплиннің профилі әртүрлі. Енді спортшылар 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындалады. Ал осы айда лицензия алуға мүмкіндік беретін турнирлер басталады,-деп хабарлайды 24.kz. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА ФИЛИППИНДІК ҰСТАЗДАР САБАҚ БЕРДІ
Нашақорлықпен күрес күшейді
Өзбек боксшысы Абылайхан Жүсіповтің иығын қыршып тістеп алған (ВИДЕО)
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады