Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығын табыстады.Шағын және орта бизнес кәсіпорындар арасында «ПАРЫЗ» сыйлығының Гран-при жүлдесі Қызылорда облысындағы «Абай Дәулет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» серіктестігі гран-при жеңіп алды. «Алтын Сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жобасы» номинациясы бойынша Қостанай облысындағы «ДЕП» компаниясы жеңімпаз атанды. «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы Маңғыстау облысы, «CleanFieldKazakhstan» компаниясына берілді.