Желіде 50 жылдық мерейтойында безендірілген көлікпен жүрген ата-әже көпті тәнті етті. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.Жаңаөзендік Тұрдыбай Жұмағалиев пен Құралай Әлібекованы 50 жылдық мерейтойын атап өткен. Олар көлікті ерекше әсемдеп, жүзік пен шарлармен, кілем жайып безендірген. “Бұл күнді 9 маусымда атап өттік. Көлікті осылай безендіру кенже қыздың ойына келді, барлығын өзіміз істедік", – дейді ерлі-зайыптының қызы Нұрсұлу Жұмағалиева.Ерлі-зайыптының алтын тойына 350-ге жуық адам келді.Тұрдыбай Жұмағалиев 1956 жылы, Құралай Әлібекова 1954 жылы дүниеге келген. Екеуі де Қазақстанға Қарақалпақстаннан, кейін Жаңаөзенге келген.Ерлі-зайыпты сегіз баланы өмірге әкелді, қазіргі уақытта алты бала, яғни екі қызы және төрт ұлы бар. Қыздарының айтуынша, ата-анасының некесін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен түсіністік арқылы сақтап отыр.